Qyzpu студенттері  «jas gala» фестивалінде жүлдегер атанды



    • Qyzpu студенттері  «jas gala» фестивалінде жүлдегер атанды

      Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» ұйымдастырған Алматы қаласының шығармашыл жастары арасындағы «Жас Гала» фестивалі өз мәресіне жетті.

      Фестиваль мақсаты – шығармашыл дарынды және талантты жастардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету және олардың қабілеттері мен мүдделерін дамытуды іске асыру, адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интелектуалдық талғамын қалыптастыру.

      Фестиваль Алматыдағы ЖОО және колледж студенттерінің басын қосты. Cтуденттер вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау және театр бағыттары бойынша сынға түсті.

                                                      

      Ұйымдастыру алқасына байқауға қатысу үшін барлығы 2645-тен астам студентті қамтыған 30 ЖОО-нан және 23 колледжден 529 өтінім келіп түскен. Оның ішінде вокал бағыты бойынша 161, актерлік шеберлік (театр) бағытына - 56, хореография бойынша 65, аспаптық орындау - 68, мобилография бойынша 179 өтінім жіберілген.

                                                                               

      Байқау келесі кезеңдер бойынша өтті:

      • І кезең – «JAS GALA» шығармашылық байқауы алдымен ЖОО ішінде «Студенттік көктем»  іріктеу кезеңі;
      • ІI кезең – Оқу орнынан өткен қатысушылар «JAS GALA» шығармашылық байқауына бағыттар бойынша қатысуға жолдама алды. 
      • ІII кезең – Қала ЖОО базасында номинациялар бойынша байқау қатысушыларын іріктеу.
      • ІV кезең – ЖОО базасында жеңімпаздарды анықтау (жартылай финал).
      • VІ кезең – Салтанатты марапаттау рәсімін өткізу арқылы «JAS GALA» шығармашылық фестивалінің финалы

      Университеттің Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Мейрамгүл Бахытжанқызы биылғы ұйымдастырушылық және қатысушылар ауқымы мен өнерлері жоғары деңгейде өткендігін, университетінің қатысушы жастары жоғары белсенділік пен мықты ұжымдық рух көрсеткендігін атап өтті.

      Қатысушылар арасында өнерге төселген, тәжірибелі өнерпаздар мен қатар белсенді студенттері де өнер көрсетіп 1-курстан бастап-ақ өздерін үлкен сахнада еркін сезініп, жүлдегер атанды.

      Байқау нәтижесі бойынша:

      • 1. Нұрайлым Рахатқызы - Үздік КДМ марапаты
      • 2. Утепова Мөлдір - 2-ші дәрежелі диплом Мобилография бағыты 200 000тг сыйақы
      • 3. “Өнер-жастан…” театры - 2-ші дәрежелі диплом  Театр бағыты бойынша 200 000тг сыйақы
      • 4. “Томирис” би ансамблі - “Үздік көркемділік” номинациясы
      • 5. “Тұмар” би ансамблі - “Үздік синхронность” номинациясы
      • 6. "Кербез сұлу" дуэті - “Көрермен көзайымы" номинациясын иеленді.

      Білімгерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

      Бөлісу: