"Отбасы банк" қызметкерлері QYZPU-да тренинг өткізді
-
15 мамыр, 2024
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акционерлік қоғамының өкілдері тренинг өткізді. Студенттерге «Ұлттық қор – балаларға» жобасы және "AQYL" білім беру жинақтау салымы бойынша ақпарат берілді.
«AQYL» депозитінің мақсаты – азаматтарымыздың өз біліміне немесе балаларының біліміне қаражат жинау. Оның көмегімен қазақстандық немесе шетелдік білім беру мекемелерінде оқу ақысын төлеуге болады. Болашақта депозиттің ай сайынғы аударымдар мөлшерін сіз өз мүмкіндігіңізге қарай анықтайсыз.
Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін болашақта өз атына немесе баласының атына елімізде және шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеу үшін пайдалануға болатын білім беру жинақтау салымын ашу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.
Білім алушылар аталған шарада қаржы үнемдеу, болашаққа инвестиция, баспана алу мақсаттары бойынша таным-түсініктерін арттырды. Өз қалаулары мен есеп-шот ашып, алғашқы қадамдарын бастап кетті.
Бөлісу: