Арда туған ардагерлерге құрмет көрсетілді



    • Арда туған ардагерлерге құрмет көрсетілді

      Алмалы ауданы әкімдігінің  ұйымдастыруымен  9 мамыр күні Арбат алаңында Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өнерпаз студенттері өз өнерлерін көрсетіп, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

       Мерекелік бағдарламада отты соғыс жылдарын көзбен көрген ардагерлеріміздің құрметіне арнап, патриоттық сарындағы әндер айтылып, ұлттық билерден шашу шашты.

      Сонымен қатар, жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен "Жасыл ел" жастар еңбек жасағы  «Жылы жүрек жомарт қол» қайырымдылық жобасы аясында Орталық үй қамқорлығы атты қарттар үйіне барып, мереке қарсаңында соғыс заманының әсерін сезген қазыналы қариялармен мерекелік дастархан жайып, кездесу кешін өткізді.

      Кеште талантты жастарымыз өз өнерлерін ортаға салып,  қарттардың көңілін көтеріп, ыстық құрметпен, ризашылыққа бөленді.

      Бөлісу: