Ашық есік күні өтті



    • Ашық есік күні өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ашық есік күні өтті. Бұл шараға Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 27 мектеп пен 4 колледждің 306 түлегі қатысты.

                                                        

      Ашық есік күнінің басты мақсаты университеттің білім беру бағдарламаларымен танысу болды. Мектеп пен колледж түлектеріне университеттің оқу-материалдық базасымен, сапалы білім алу үшін оқу жағдайларымен танысуға мүмкіндік берілді. Университет бойынша экскурсия жасалынып, концерттік бағдарлама өткізілді.  Университет қызметкерлері мен студенттері талапкерлерге оқу орнына түскеннен кейінгі өмірлері мен оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Талапкерлер аталмыш шарадан кейін университет атмосферасынан алған әсерлерін жасырмады. Концерттік бағдарламадан соң талапкерлер оқу бағдарламаларына қатысты сауалдарына жауап алып, мамандардан кәсіби бағдар алды.

      Құрметті талапкер! Университетіміздің есігі сіздер үшін әрқашан ашық! Дұрыс таңдау жасайтыныңызға сенімдіміз!

      Бөлісу: