Қазаннан профессорлар келді

    • Қазаннан профессорлар келді

      Қазан федералдық университетінің профессорлары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне арнайы іс-сапармен келді. Физика институты директорының білім беру қызметі жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Гузель Гарнаева және Физика институтының халықаралық қатынастар жөніндегі жауапты қызметкері Улугбек Саъдиев өз елдерінде физика бағыты бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар туралы айтып берді.

      Қазан профессорларымен болған кездесуге магистранттар мен докторанттар қатысты. Қазақ, Қазан физиктері өзара тәжірибе алмасып, ғылыми зерттерулерге қатысты ойларын ортаға салды. Айта кету керек, доцент Гузель Гарнаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физика бағытындағы білім беру бағдарламаларының тұрақты эксперті. Сонымен қатар бірнеше докторанттардың кеңес берушісі.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар институты Қазан федералдық университетімен тығыз байланыста. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы ғылыми байланысты нығайтады, әрі ортақ зерттеулер мен ғылыми жұмыстарды іске асыруға көмектеседі. Осы жолғы кездесу де екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытудың жаңа сатысын айқындады. Мұндай халықаралық білім мен тәжірибе алмасу Қазақстандағы білім және ғылыми зерттеулер деңгейін арттыруға да ықпал етеді.

      Бөлісу: