«24KZ» телеарнасында QYZPU ғалымдарының зерттеуі туралы репортаж шықты



    • «24KZ» телеарнасында QYZPU ғалымдарының зерттеуі туралы репортаж шықты

      Тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық «24KZ» телеарнасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғалымдарының Алматының ауасын тазарту бойынша зерттеуі туралы репортаж шықты. Тілшілер материалда ғалымдардың осы инновациялық зерттеуге кірісіп кеткендігі туралы айтып берді. Яғни бір топ ғалым зиянды заттарды бойына қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсірмек.

      Өсімдіктер Алматы облысындағы Көлді агробиостансасының базасында өсіріледі. Шамамен 5 гектар жерге арнайы сұрыптаудан өткен өсімдіктер егіліп, одан алынған көшеттер әкімдікпен ақылдаса отырып, халық көп шоғырланған аумақтарға отырғызылады.

      Ауадағы зиянды қалдықтарды қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсіруден бөлек, адам ағзасын тазартатын биологиялық белсенді препараттар да  дайындалады. Ол үшін ғалымдар Шығыс Қазақстан облысына арнайы экспедициямен аттанады. Сондағы емдік өсімдіктерді, атап айтқанда Алтай үшқатын Алматы облысына жерсіндіру арқылы алынған өнімді ағзаны сауықтыруға пайдаланады.

      Репортажда тілшілер Алматының ауасын тазарту бойынша ғылыми зерттеу Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің есебінен қаржыландырылатынын, сонымен бірге жобаның маңыздылығын атап өткен.

       

      Бөлісу: