ҚР Оқу-ағарту министрлігі QYZPU-дің біліктілікті арттыру бағдарламаларының сапасы жоғары екендігін мойындады



    • ҚР Оқу-ағарту министрлігі QYZPU-дің біліктілікті арттыру бағдарламаларының сапасы жоғары екендігін мойындады

      Қазақ  ұлттық  қыздар  педагогикалық  университетінің  біліктілікті  арттыру  бағдарламалары  Оқу-ағарту  министрлігінің  сараптамасынан  сәтті  өтіп,  ведомствоның  біліктілікті  арттыру  бағдарламаларының  тізіміне  енді

      Бұдан былай мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі дайындық мекемелерінің қызметкерлері «Рython-да программалауды оқыту әдістемесі мен практикасы», «Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру», «Химия пәні мұғалімінің пәндік құзыреттілігін арттыру», «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие-білім беру процесін жобалау» және «Инклюзия жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі  бар балаларды оқытудағы инновациялық тәсілдер: мінез-құлықты қолданбалы талдау (АВА-терапия) – мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтық бұзушылықтарын түзету, оқыту, реабилитациялау және дамыту» бағыттары бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде біліктілігін арттыра алады.

      Біліктілікті арттыру бағдарламаларын университет ғалымдары, атап айтқанда педагогика ғылымдарының кандидаттары Бақытжамал Арзанбаева, Жанар Қуанышева, Әлия Оңғарбаева және аға оқытушы Айгүл Маханова канадалық  АВА-терапия маманы Зухра Измайлова-Камармен бірлесіп жасады.

                                            

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ерекше оқытуды талап ететін балаларға білім берудің инновациялық әдістерін қолдану мен оны педагогтарға үйретудің маңыздылығын түсінеді. Сондай-ақ, педагогтардың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру, химия саласындағы білім сапасын жақсарту және мектепке дейінгі балалар үшін білім беру бағдарламаларын тиімді жобалау мәселесі де осы біліктілікті арттыру бағдарламаларында қарастырылаған.

      Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігінің тізіміне енуі олардың сапасының жоғары деңгейін және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес екендігін растайды. Бұл бағдарламалар педагогтардың біліктілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, елдегі білім беру саласын жаңа сатыға көтеруге үлесін қосады.

                                                                                 

      Бөлісу: