Баламалы қуат көздерін дамыту жайы талқыланады



    • Баламалы қуат көздерін дамыту жайы талқыланады

      Баламалы қуат көздері энергетикалық тәуелділіктен құтқара ма? Оны тиімді пайдалану мен дамыту қаншалықты деңгейде жүргізілуде? Осы және бұл тараптағы өзге де сауалдарға жауап іздеу мақсатымен 23 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық жиын өтеді.

      «Білім берудің инновациялық дамуы, ғылымды қажет ететін өндіріс және баламалы энергия көздері» тақырыбындағы онлайн режімдегі басқосуға отандық және шетелдік ғалымдар қатыспақ.

      Конференция физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айнагүл Ершинаның 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.

      Жиын жұмысы «GREEN ENERGY» – болашақ энергия көздері», «ХХІ ғасыр: ғылым, қоғам, экология» және «Заманауи білім беру: бүгіні мен ертеңі» бағыттары бойынша жүргізілмек.

      Конференция материалдары электронды жинақ түрінде жарық көреді.

      Ұсынылған мақалалар 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін nauka_physics@mail.ru  электронды адресіне жолдануы тиіс.

      Конференцияның ашылуы 23 желтоқсан күні сағат 10:00-де Zoom платформасында өтеді.

      Идентификациялық нөмірі: 238 141 9939.

      Коды: 1111.

      Жауапты тұлғалар мен байланыс телефондары:

      1-секция: Нұрай Байтұрсын. Тел.: +77086670039;

      2-секция: Лаура Байқадамова. Тел.: +77072227909;

      3-секция: Нәзира Сандыбаева. Тел.: +77757518654.

      Айта кетейік, Айнагүл Ершина 1971 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Физика-математика факультетін үздік бағамен және 1979 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.

      А. Ершина 1995 жылдан бері жел энергиясын электр энергиясына айналдыратын жел электр қондырғыларын зерттеумен шұғылданады.

      Ғалымның 100-ден астам ғылыми жұмысы жарық көрген.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: