Айша Рақышева әлемнің 100 мықты шаңғышысының ішінен 34-ші болып келді



    • Айша Рақышева әлемнің 100 мықты шаңғышысының ішінен 34-ші болып келді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті, белгілі шаңғышы Айша Рақышева Муониода өткен FIS шаңғы жарысында классикалық жүріспен спринтте 34-ші болып келді. Бұл квалификацияда әлемнің 19 елінен 100 мықты спортшы бәйгеге түскен болатын.

      Ал 10 шақырымға классикалық жүріспен жарыста 41-ші орын, осы шақырымда конькимен жарыста 53 орынды иеленді. Айта кетейік, Айша Рақышева Финляндияда өткен бұл жарыста Қазақстан намысын қорғаған жалғыз қазақ қызы болды.

                                                                                     

      «Жарыс оңайға соқпады. Әлем Кубогы секілді болды, себебі мықтылардың бәрі жиналды. Олимпиадан орын алған спортшылармен сынға түсу мен үшін үлкен жетістік болды! Бұл жарыс қыстың ең алғашқы жарыстарының бірі болғандықтан оңайға соқпады, бірақ бұл жарысқа Қазақстанның атынан келіп, тәжірибе жинақтап, ойымды-бойымды жаттықтарып қайтқаныма қуаныштымын! Алдағы уақытта әлі көптеген жарыстарда бақ сынайтын боламын. Әлі университетіміздің атын әлемге танытуға уәде беремін! Бар күш-жігерімді жинақтап, қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламын Қазақ елі үшін! Маған сеніңіздер! Үміттеріңізді ақтаймын!» – деді Айша бізге берген сұхбатында.

      Муониода өткен FIS шаңғы жарысында 19 мемлекеттен барлығы 300 спортшы қатысқан болатын. Айта кетейік, көптеген элиталық шаңғышылар үшін бұл финдік маусымның жарысы Әлем кубогы кезеңінің алдындағы аса маңызды көрсеткіш болып табылады.

      Бөлісу: