QYZPU профессорлары Ташкентте ғалымдармен тәжірибе алмасты



    • QYZPU профессорлары Ташкентте ғалымдармен тәжірибе алмасты

      Білім берудің озық әдістері мен стратегияларын қарастыру мақсатында география кафедрасының профессорының міндетін атқарушы Күләш Мамырова мен Жаратылыстану институты директорының орынбасары, PhD Дәмежан Садықова Ташкенттегі Пучон университетінде өткен «Қазіргі замандағы білім беру стратегиясы» атты халықаралық конференцияға қатысты.

      География және білім беру саласында зерттеумен айналысатын ғалым Күләш Мамырова конференцияда мектеп оқулықтарының мазмұнын құрастырудың ғылыми-дидактикалық негіздері тақырыбында баяндама жасады. Атап айтқанда, профессордың міндетін атқарушы география оқулығының үлгісінде тиімді оқу материалын қалыптастыру үшін қажетті негізгі қағидаттарды бөліп көрсетті. Ғалымның баяндамасы білім беру әдістемелерін жетілдірумен етене айналысатын педагогтардың назарын аударды.

                                                     

      Экология сарапшысы Дәмежан Садықова болса, Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы экологиялық-өлкетану саласындағы зерттеулерімен бөлісті. Өз баяндамасында ол студенттерге адам мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Ол үшін экологиялық аспектілер мен өлкетану білімдерін оқу бағдарламаларына біріктіру қажеттілігін атап өтті.

      «Қазіргі әлемдегі білім беру стратегиясы» конференциясы жетекші ғалымдар мен тәжірибелі педагогтар арасында тәжірибе мен идеялар алмасу алаңына айналды. Қазақстандық ғалымдардың осындай жаһандық білім беру диалогына белсенді қатысуы аса маңызды. Осылайша олар білім беруді дамытуға үлес қосып қана қоймай, Қазақстанның білім беру саласындағы  зерттеулерді әлемге танытады.

                                                                                 

      Бөлісу: