АҚШ ғалымы Дуглас Хартман QYZPU студенттеріне шабыт берді



    • АҚШ ғалымы Дуглас Хартман QYZPU студенттеріне шабыт берді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Алматыға ат басын бұрған белгілі ғалымдардың сүйікті білім ордасына айналды. Бұл жолы арулардың ақ мекеніне америкалық белгілі ғалым Дуглас Харман келді. Мәртебелі мейманды ректор Гүлмира Қанай зор құрметпен қарсы алды. Бұл кездесу, әсіресе, филологтардың қызығушылығын тудырды. Өйткені Мичиган мемлекеттік университетінің технология және адам оқыту профессоры «Әдеби зерттеулерде олқылықтарды іздеу» секілді өзекті тақырыпта сөз қозғады.                                                                           

      Білімі мен тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы келген профессор әрбір әдеби шығарманың өзіндік көп мәнді аспектілері бар екенін атап өтті. Сондай-ақ ол зерттеушілерге басқалардың жіберіп алуы мүмкін маңызды аспектілерді анықтауға көмектесетін мәтіндерді талдаудың түрлі әдістері мен техникаларын көрсетті.

                                                                                   

      Семинар барысында студенттер өз идеялары мен сұрақтарын профессор Хартманмен талқылап, өз ойларын ортаға салды. Мұндай семинарларды өткізу студенттер үшін ғана емес, жалпы университет қауымдастығы үшін де маңызды. Тәжірибелі және танымал ғалымдармен кездесу жас зерттеушілерді шабыттандырып, олардың академиялық мансабында биік жетістіктерге жетуі үшін жаңа жолдарды көрсетеді.

                                                 

      Айта кетейік, Мичиган мемлекеттік университетінің Білім колледжінде адам технологиясы және оқыту кафедрасының профессоры Дуглас Хартман 30 жыл бойы ол Пенсильвания, Коннектикут және Мичиган университеттерінде оқытушы болып жұмыс істеген. Ол әріптестерімен бірге 100-ге жуық мақала жариялады. Оның жалғыз кітабы «Мұғалімдер әңгімелейтін хикаялар» спектакль түрінде қайта жазылып, Нью-Йорктегі Бродвейде қойылды. Қазіргі уақытта Хартман технологияларды зерттеумен және оларды адамды оқытуда пайдаланумен айналысады.

                                                                            

                                                                                

                        

      Бөлісу: