Кембридж университетінің белгілі түлегі QYZPU студенттерімен білімімен бөлісті



    • Кембридж университетінің белгілі түлегі QYZPU студенттерімен білімімен бөлісті

      Білім саласында белгілі британдық зерттеуші доктор Томас Харриотт 10 күн бойы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен өз білімімен бөлісті. Мәртебелі мейманды Басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанай және академиялық қызмет жөніндегі проректор Еркін Жұманқұлова мен ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Зәкір Жұмақұлов үлкен ықыласпен қарсы алды.                                                    

      Докторантура мен магистратураның 1-курс студенттері британдық зерттеушінің университетке келген бірінші күнінен бастап диссертацияны сәтті қорғауға қажетті дағдыларды үйренді. Кембридж университетінің түлегі зерттеуге қатысты ашық дәрістер өткізіп, өзінің құнды тәжірибесімен қуана бөлісті.

                                                     

      3-4 курс студенттері болса Кембридж университетінің түлегі Томас Харриоттың Lesson study бойынша жеке дәрісін тыңдауға мүмкіндік алды. Ал ғылыми жетекшілер мен профессорлық-оқытушылар құрам онымен бірге Lesson study бойынша дипломдық жобалардың тақырыптарын талқылады. Академиялық бағдарламаларды әзірлеу және сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері де сарапшының көмегімен білім беру бағдарламаларын британдық әдістеме бойынша қалай дайындау қажеттігін жіті үйренді.                                              

                                                                                  

      Студенттер мен профессорлық-педагогикалық құрамнан басқа доктор Харриотты тыңдауға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне басқа педагогикалық университеттер мен әріптес мектептердің өкілдері келді.

                                                           

      Британдық зерттеуші бөліскен білім болашақ ұстаздар мен жас зерттеушілерге мол қазына, орасан зор көмек болары сөзсіз.

                                                                                

       

      Бөлісу: