ҚызПУ «Ұлттық киім – ұлттық бренд» эстафетасына қолдау көрсетті
-
26 қараша, 2020
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұлттың ұлылығын ұлықтайтын эстафетаны М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен қабыл алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жолдайды.
Ұлттық киім – ұлттық бренд! Ұлттық киім – Ұлы даланың қастерлі қазынасы, мызғымас мәдени мұрасы! Болмысы бөлек, бітімі ерек қазақ халқының ерекшелігі мен өшпес өнегесі!
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады».
Төл тарихы тасқа бәдізделген ұлтымыздың рухани құндылықтарын дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың басты парызы, межелі міндеті.
Жаңа мыңжылдықтағы өркениетке бет бұрған өрелі мемлекет ең алдымен рухани қазынасымен, әлемдік мәдениеттің «алтын қорына» қосқан үлесімен, саналы салтымен, дара дәстүрімен ерекшеленбек.
Халқымыздың парасаты мен бет-бейнесіне айналған ұлттық киімдерді насихаттау – жаңғырудың жарқын үлгісі, айқын нышаны.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Бөлісу: