Өнертану саласындағы жаңашылдықтар сараланады



    • Өнертану саласындағы жаңашылдықтар сараланады

      «Көпмәдениетті қоғамдағы өнертану: дәстүр мен жаңашылдық». Осындай атаумен 11 желтоқсанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

      Бейнеконференция режімінде ұйымдастырылатын басқосу «Әбіров әлемі» жобасы аясында қолға алынып отыр. Хореография және арт-менеджмент кафедрасы мұрындық болған жиынның басты мақсаты – өнертану саласының өзекті мәселелер мен хореографиялық білім беру бағдарламаларын және оқытудың инновациялық әдістерін жан-жақты талқылап, зерделеу. Сонымен қатар шара Дәурен Әбіров еңбектерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауды да көздеп отыр.

      Конференция жұмысы «Хореография» және «Өнер саласындағы білім берудің өзекті мәселелері» бағыттары бойынша жүргізілмек. Онда қазақстандық және шетелдік мамандар жаһандану жағдайындағы хореографиялық өнер, ұлттық хореографиядағы заманауи режиссура, ART индустриясындағы оқыту әдістері мен принциптері, хореографиялық өнер саласындағы қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері, мәдениет және өнер саласындағы менеджмент, өнер саласындағы ғылымның даму мәселелері төңірегінде өзара пікір алмаспақ.

      «Zoom» платформасында өтетін конференцияның идентификациялық нөмірі: 988 18 72 61 24.

      Коды: 301314.

      «Көпмәдениетті қоғамдағы өнертану: дәстүр мен жаңашылдық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хатын мына жерден жүктей аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: