Гүлмира Қанай Абай университетінің жаңа ректорын тағайындалуымен құттықтады



    • Гүлмира Қанай Абай университетінің жаңа ректорын тағайындалуымен құттықтады

      Гүлмира Қанай Тілеп Болат Анапияұлын Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры лауазымына тағайындалуымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы және жеке өзінің атынан құттықтап, екі оқу ордасы арасында орнаған берік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға шақырды.

      «Сізді қазақ халқының дана ұлы, дара ұлы – Абай Құнанбаевтың есімін иеленген Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қоғамдық-саяси және ғылыми саладағы мол және бірегей тәжірибеңіз ұстаздар ордасының одан әрі өркендеп, халықаралық деңгейге көтеріліп, сол биікте тұрақталуына септігін тигізетініне кәміл сенемін! Еңбегіңіз бен іскерлігіңіз әрдайым халық пен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің оң бағасына ие болып, абыройлы жоғары оқу орны басшыларының бірі болыңыз!

                                                                                                       

                                                                                                       

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Сіздерге қашанда тілекші! Арамыздағы достық пен ынтымақтастық одан әрі нығайып, арта берсін! Жаңа қызметтің тізгінін қолға алуыңызбен тағы да құттықтай отырып, Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, берекелі дастархан мен мол табыс тілеймін!» – делінген Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Гүлмира Қанайдың құттықтау хатында.

      Тілеп Болат Анапияұлының жаңа қызметте табысты болуына, ал Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өркендей беруіне тілестігін білдірген соң Гүлмира Қанай көршілес университеттің студенттерімен де кездесіп, оларға білім және ұстаздық туралы дәріс өткізді.

                                                                                                           

                                                                                                      

                                                                       

       

      Бөлісу: