«Отанымды аңсадым!» Мұхтар Әуезовтың немересі араға 9 жыл салып барып Алматыға келді



    • «Отанымды аңсадым!» Мұхтар Әуезовтың немересі араға 9 жыл салып барып Алматыға келді

      Сонау Нидерланды Королдігінен ат арылтып келген заңғар жазушының немересі Зифа-Алуа Әуезова бірінші болып туған атасының қолдауымен құрылған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің шаңырағына бас сұқты. Соңғы мәрте ұстаздар ордасына профессор 9 жыл бұрын келген екен. Ғалым студенттермен кездесу кезінде Қазақстанды сағынғанын жасырмады.

      Отанына деген сағынышын Зифа-Алуа Әуезова осы кездесуде басты десе болады

                                                                                            

      Зифа-Алуа Әуезованың елге сапарында бірінші болып Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымына сәлем беруі тегін емес. Өйткені ұстаздар ұстаханасының құрылғанына келесі жылы 80 жыл толса, ғалымның әкесі, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезовтің туғанына биыл 80 жасқа толып отыр.

                                                                                               

      Зифа-Алуа Мұратқызымен кездесуге қазақ әдебиеті кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен докторант, магистранттар мен студенттері қатысты. Жастар көрнекті ғалыммен пікірлесу арқылы көркем аударма және әдеби байланыс мәселелерін талқылады. Зифа-Алуа Әуезова Абайдың ағылшын  тіліне өзі аударған шығармаларын оқып беріп, студенттерге шағын сұрақ-жауап жүргізді.

      Кездесу соңында Мұхтар Әуезовтей ғұламаның көзіндей болған Зифа-Алуа Мұратқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымына және студенттерге ақ батасын берді.

                                                                        

       

      Бөлісу: