QYZPU профессорлары мектеп-гимназия мұғалімдеріне дәріс өткізді



    • QYZPU профессорлары мектеп-гимназия мұғалімдеріне  дәріс өткізді

      Қазақ ұлттық қыздар университетінің 80 жылдығы мерейтойы аясында Жаратылыстану институтының профессорлары Алматы қаласындағы №59 және №202 мектеп-гимназияларының ұстаздарына  тренинг өткізді.

      Лекция барысында QYZPU профессорлары мектеп мұғалімдерімен тілдесіп, мол тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, Түркиядан келген профессор Гүлжан Четин, Жаратылыстану институтының директоры Гаухар Байташева, Жаратылыстану институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәмежан Садықова, биология білім беру бағдарламасының көшбасшысы Асқар Қалекешев балаларды оқыту барысындағы мәселелерді талқылап, мектеп ұстаздарына ақыл-кеңестерін айтты.

      Ұлттық университет үшін ұлы датаның аясында профессорлар бір жыл бойында Алматының 80 мектебіне барып, осылай 80 тегін дәріс оқитын болады.  

                                                                       

      Бөлісу: