Университет оқытушылары авторлық куәлікке ие болды



    • Университет оқытушылары авторлық куәлікке ие болды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтының ғалымдары тағы бір авторлық куәлікке қол жеткізді.

      Атап айтқанда, өнертабыс институт директоры, профессор Тыныштық Ермекова, Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры міндетін атқарушы Ғазиза Шойбекова және оқытушы Гүлнар Ескермесовадан құралған жұмыс тобына «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің инновациялық әдістері» атты оқу-әдістемелік құралы үшін беріліп отыр.

      Ғылыми еңбек «Латын графикасына өтуге байланысты интерактивті үйретуші бағдарламалар жасаудың лингвистикалық негіздері мен мультимедиялық технологиялары» тақырыбындағы ғылыми жобаның жоспарына сай әзірленген.

      Оқу-әдістемелік құралда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында көрсетілген латын әліпбиін игеруді жүзеге асыру мақсатында курс қатысушыларына латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйренудің оңтайлы технологияларын таныстыру, әліпбиді оқып, үйретуге қатысты теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру мақсаты көзделген.

      Ғылыми еңбек, негізінен, балабақша тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері мен жалпы латын әліпбиін үйренуге қызығушылық танытатындарға арналады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: