Магистранттарға арналған Назарбаев стипендиясы



    • Магистранттарға арналған Назарбаев стипендиясы

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев стипендиясын тағайындауға арналған республикалық конкурсқа қатысу үшін екінші курс магистранттары арасында құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

      Стипендия келесі критерийлерге сәйкес келетін күндізгі бөлімнің екінші курсының магистранттарына беріледі:

      1. оқудың барлық кезеңінде өте жақсы бағаға ие болу (A, A-);
      2. жоғары балл (GPA);
      3. GPA баллдары тең болған жағдайда маңыздылығының азаю ретімен тізімделген келесі жеке жетістіктер ескеріледі:
      • таңдалған магистратураның профиліне сәйкес келетін жарияланымдар саны;
      • ғылыми конференцияларға, жобаларға қатысу, патент, мадақтама, диплом, сертификаттардың болуы;
      • қоғамдық жұмысқа қатысуы.

       

      Бұл конкурсқа қатысу үшін мыналарды қамтамасыз ету қажет:

      • түйіндеме (CV);
      • оқудың барлық кезеңінде өте жақсы бағалар (транскрипт көшірмелері);
      • зерттеу жұмысы (ғылыми-еңбектер тізімі);
      • университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу туралы ақпарат.

      Үміткерлердің материалдары (сауалнама, түйіндеме (екі тілде), фотосурет) қағаз және электронды түрде sciencedepartment@qyzpu.edu.kz электрондық поштасына 2023 жылдың 08 тамызына дейін жіберілуі керек.

      Қосымша ақпарат:

      1. Сауалнаманың көшірмесі екі тілде толтырылады;
      2. Әрбір магистранттың фотосуреті *jpg форматында электронды түрде ұсынылуы керек. Фотосурет келесі талаптарға сай болуы керек:
      • түсті сурет;
      • соңғы алты ай ішінде түсірілген және магистранттың қазіргі көзқарасына сәйкес келеді.
      • бет әлпеті бейтарап, көздері ашық болуы керек.
      • түсірілген суретте үміткердің киімі ресми іскерлік стильде болуы керек.
      Бөлісу: