Симпозиум аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асты
-
14 маусым, 2023
10- шы халықаралық түркі зерттеулері Симпозиум аясындағы екінші отырыста Ректорлар жиыны болып, үш елден яғни Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан елдерінен келген университет басшылары жеке дара сұхбаттасып, пікір алмасты. Сонымен қатар Түркияның Эрджиес университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі болды.
Ректорлар жиынымен қатар, университтің Акт залында «ТҮРКІ ЕЛДЕР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» тақырыбында сессиялық отырыс та қатар өтті. Отырыста модератор Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторы Аида Мейркулова «Бірлескен халықаралық білім беру бағдарламасын әзірлеу: Қыздар университетінің тәжірибесі», Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінің профессоры, доктор Хикмет Кораш «Қазақ – түрік – азербайжан тілдерінің лингвистикалық терминдерінің түсіндірме сөздігі», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары доктор Маралбек Ермұхамет «Түркі тіл біліміндегі жаңа бағыттар бойынша зерттеулер», Гази университетінің профессоры Доктор Халил Токжан «Түркі елдері жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық», Баку Евразия университетінің профессоры доктор Адалет Шариф Тахирзаде «Бірлескен халықаралық білім беру бағдарламасы», Баку Евразия университетінің профессоры Доктор Маил Биннат Аскеров "Сөздің пайда болу жолдары және ассимиляция механизмінің лингвопсихологиялық ерекшеліктері" тақырыбында танымды зерттеулерін таныстырып, қатысушылар арасында сұрақ-жауап сессиясы орын алды.
2 күнге созылатын іс-шараның екінші күнінде ауқымды тақырыптар аясында сессиялық отырыстар және сипозиумының жабылу салтанаты өтеді деп жоспарлануда. Сонымен қоса, симпозиум қонақтары Алматының тарихи жерлеріне саяхат жасап, мәдени ошақтарымен танысатын болады.
Түркі әлемінде іргелі зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар басын қосатын бұл симпозиум Түркі әлемі мәселелерінің зерттелуі мен ғылым кеңістігінде жаңа көзқарастармен пікір алмасу мүмкіндігін береді. Симпозиум аясында түркі әлемінің білім мен ғылым бағыты бойынша ғылыми мақаларлар жинағы жарияланбақ.
МЕДИА
Бөлісу: