Инфо-дайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №25
-
16 қараша, 2020
2020 жылғы 9 – 13 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.
09.11.2020
– 2020 жылғы 2 – 6 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.
***
– Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Педагогикалық және ғылыми бастамалар» фестивалі өтеді. Отандық жоғары білім беру мен іргелі ғылымды дамытуға бағытталған шара оқу орнының You Tube желісіндегі ресми арнасында сағат 15:00-де басталады.
10.11.2020
– Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орнындағы жас ғалымдардың ортақ диалог алаңын құрып, ауылдық жерде орналасқан мектептердің ғылыми-педагогикалық әлеуетін көтеруді мақсат тұтқан «T2T Networking» жобасы жалғасады.
***
– Қыздар университетінде бастау алған «T2T Networking» шарасы аясында 11 қараша күні «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының ғылыми кеңесінің мүшесі Нұрхат Жакиев оқу орны білім алушыларына ғылыми семинар өткізеді.
***
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің мұрындық болуымен «Ғылыми мақалаларды шетелдік жетекші журналдарда жариялауға дайындау» тақырыбында ғылыми жиын өтеді.
11.11.2020
– АҚШ-тың Аризона штатындағы білім беру ұйымының ағылшын тілінің мұғалімі Уенди Финлейсон Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих және шетел тілдері институтының оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру семинарын өткізді.
***
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтының Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанар Қиынова 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды.
***
– «Қазіргі мектептегі жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері». Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
12.11.2020
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінде «Елбасы еңсесін тіктеген білім ордасы» атты мақаласы жарық көрді.
***
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің 5 студенті ауыр атлетикадан қыздар мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке командалық чемпионатында жүлделі орындарға ие болды.
***
– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен әр ай сайын оқу орнының үздік қызметкерін анықтайтын байқау қолға алынды. Бұл тарапта арнайы комиссия құрылып, конкурстың қорытындысы әр айдың соңында жарияланып отырмақ. Мақсат – оқу орнының әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып, білім беру, ғылыми жұмыс және әкімшілік салаларында табанды еңбек етіп жүрген қызметкерлерді ынталандыру. Комиссия шешімімен қазан айының үздік қызметкерлерінің есімдері белгілі болып, олар университет ректорының Алғыс хатымен және сыйақымен марапатталды.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Бөлісу: