QyzPU-да Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі» (“The Pedagogical University – School Partnership”) атты халықаралық ғылыми конференция басталды



    • QyzPU-да Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі» (“The Pedagogical University – School Partnership”) атты халықаралық ғылыми конференция басталды

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  білім саласындағы жетекші шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен «Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі» (“The Pedagogical University – School Partnership”) атты ірі ғылыми конференция басталды. Екі  күнге  созылатын ауқымды  шараға  алыс-жақын шетелден профессор, ғалымдар келіп, білім беру саласындағы көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады.

      Конференция негізінен екі ауқымды  тақырып  аясында өрбіді:

      • Білім беру зерттеулері арқылы мектептерді жетілдіру;
      • Болашақ ұстаздар даярлығы мен мектеп тәжірибесі арасындағы алшақтықты жою; 

      Конференцияның  бірінші  күнгі  пленарлық отырысына  Ұлыбританияның  Кембридж университетінің   Вольфсон колледжінің құрметті мүшесі және HertsCam желісінің Trustees кеңесінің тең төрағасы Доктор Дэвид Фрост және   аталмыш университтеттің Хомертон колледжінің құрметті мүшесі Доктор Элейн Уилсон, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру  ұйымы  төрағасының орынбасары  Доктор Назипа Аюбаева, Назарбаев Университеті, Жоғары білім беру мектебі PhD докторы Дуйшон Шаматов, Tamos Education мектебінің бас директоры  Бауыржан Серік,  Кембридж университетінің Білім беру факультетінің докторанты Адам Бартон арнайы  келді.

      Конференцияны Университеттің  Басқарма  Төрағасы – Ректор Гүлмира  Қанай   ашып,  іс-шараға    қатысушылар мен  спикерлерге сәттілік  тіледі. Бірінші  күннің  пленарлық отырыс тақырыбы «Білім беруді зерттеу арқылы мектепті жетілдіру, педагогикалық университет пен мектеп арасындағы байланысты нығайту» тақырыбының  төңірегінде  болды. Спикерлерді жеке-жеке  таныстырған Гүлмира  Әмірханқызы  «Қазақстандағы  педагогикалық білім беру: тәжірибеге негізделген оқу мен оқыту»  тақырыбында  алғашқы баяндаманы өзі  оқып, еліміздегі  педагогикалық бағытта  қандай  өзгерістер бар? Қай  бағытқа  жылжуымыз керектігі  туралы  өз ойын жеткізді.

      Ұлыбританияның Кембридждегі Вольфсон колледжінің құрметті мүшесі және HertsCam желісінің Trustees кеңесінің тең төрағасы Доктор Дэвид Фрост «Университеттер, мектептер және үшінші кеңістік» тақырыбында  өз баяндамасын презентациялық көрсетілім  арқылы  жеткізді.

      «...Адамдар ұлттық оқу бағдарламасын ұстанады және кез келген жағдайда емтихан жүйесі олардың белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғанын білдіреді. Университетте университеттерде не үйрету керек және қалай оқыту керектігі туралы шешім қабылдауда үлкен еркіндік бар. Бұл, әрине, реттеледі, бірақ міндетті емес. Бірақ үлкен айырмашылық-білімді құру. Университеттерде  оларды зерттеуге мәжбүр ететін қатты қысымға ұшырайды. Егер сіз университетте жұмыс жасасаңыз, сіз бұл қысымды сезінесіз, сіз зерттеу жүргізіп, мектептерде жариялауды күтесіз, бұл кішігірім әрекет болып саналады. Білімді құруға қатысу маңызды емес және менің ойымша, бұл біз ойлауымыз керек өте маңызды нәрсе» деп  атап  өтті.

      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру  ұйымы  төрағасының орынбасары  Доктор Назипа Аюбаева «Білім сапасы: мектептің университетпен ынтымақтастығы» тақырыбында  сөз қозғады. «...Біз көбінесе  білім  сапасы дегеніміз не  екенін толық түсінбей  жатамыз. Білім  сапасының  төмендігі,  яғни сыныпта,  мектепте,  жалпы  мемлекетте  білім  сапасы  төмен  болса ол адами  капиталдың төмендігіне алып келіп  соғады. Адами капиталдың  төмендігі – жұмыссыздыққа,  жұмыссыздық кедейлікке әкеледі. Біз осыны  ұғуымыз керек. Білім  сапасы  ғылыми тұрғыдан  2 түрлі  болады. Біріншісі – өнім, екіншісі – процесс және  өнім. Білім  сапасына  өнім ретінде емес, бірінші  процесті  қойып, «Бала  мектепте  өзін қалай сезінеді ? Бақытты ма,  бақытсыз ба?» деген сұрақтарды қою арқылы білім  сапасы өзі-ақ артады  деген тұжырымдама  бар»,  деп  атап  өтті.

      Доктор Элейн Уилсон, Хомертон колледжі, Кембридж университеті, Ұлыбритания «Зерттеулерге және тәжірибеге негізделген  өзгерістерді жүзеге асыру: Covid-тен кейінгі мектеп пен университеттің серіктестігі» тақырыбында  өз ойын төмендегідей  жеткізді: «...Мұғалімдер сыныптарда қолданатын стандартталған 5 балдық бағалау  шкаласын шынымен бұрмалайды. Себебі сіз қолданатын 5 баллдық стандартталған тестілеу шкаласы объективті емес. Шынында да, CUNDA-LAG деректері балалардың белгілі бір уақыт ішінде оқуда шынымен қарқын алғанын көрсетті. Бұл  жақсы нәрсе емес. Ата-аналармен және мұғалімдермен сөйлескенде, біз оларға тым жоғары баға бергенімізді айтты. Оларды оңай бағаладық және бағалауды асыра бағаладық. Осылайша, бізге шығындарды түзетуге және өтеуге нақты көмек көрсету тұрғысынан осы тұжырымдаманы  қолдану пайдалы емес. Шынында да, егер сіз білім  сапасын басқа елдермен салыстыруға тырыссаңыз, оларды өлшеудің қажеті жоқ екенін көресіз. Осылайша, оқу қабілетінің жоғалуы балалардың білім сапасының жақсаруына көмектеспейді. Балаларға шынымен жақсартуға көмектесу үшін не істеуіміз керек? Бірінші нүктесі-сіз әр балаға жеке  көңіл бөліп, оны мектепке қызықтыра  білуіңіз керек. Егер бала мектепке барғысы  келмесе оны жоғары деңгейге шақыру өте қиын болады. Барлық оқушыларды қамтитын стратегияларды ойластыру - бұл біз ойлауымыз керек нәрсе. Инклюзивті мектептің бүкіл идеясын жүзеге асыру қиын, бірақ менің ойымша, бұл өте қажет. Өйткені бұл зерттеудің нәтижелерінің бірі пандемия кезіндегі оқшаулану тәжірибесі әлеуметтік және эмоционалды оқытуға, әсіресе кішкентай балаларға қатты әсер етті. Шынында да, бағалау жүйесіне қарап, мұғалімдер көбінесе кіші жастағы балаларға зиян келтіретін емтихан тапсыру арқылы тек   үлкен сыныптағы балаларға көбірек  назарды аударды. Сондықтан біз бастауыш сыныптағы балаларды бақылап, олқылықты  орнын толтыруға көмектесуге шынымен назар аударуымыз керек...»,– деп  атап өтті.

      Сонымен қатар, конференция аясында Lesson study бойынша студенттердің ғылыми постерлері мен QYZPU ғылыми жобаларының байқаулары өтті.  Шетелдік  қонақтар білім  алушылардың  ғылыми жобаларымен  танысып, «Бос  жұмыс  орындар» және  елімізге  танымал баспалардың  кітап    жәрмеңкелерін тамашалады.

      Ертең, яғни 30 мамыр «Көптілділік және сыныптағы тәжірибе» атты  екінші  пленарлық отырыс,  сонымен  қатар  профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттарға арналған «Сапалы журналдарда мақалалар жариялау мәселесі» тақырыбында семинар және  «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» атты  кітаптың  тұсау кесері  өту  жоспарлануда.                                                                         

                                                                                                                                                             МЕДИА

                                                                                 

                                                                                

                                                                                

                                                                                 

                                                                                 

                                                                                

                                                                                 

                                                                               

                                                                                 

                                                                                 

                                                                                 

                                                                               

                                                                                

                                                                                

                                                                             

                                                                                

                                                                                

      Бөлісу: