Қазан айының үздік қызметкерлері анықталды
-
12 қараша, 2020
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен әр ай сайын оқу орнының үздік қызметкерін анықтайтын байқау қолға алынды.
Бұл тарапта арнайы комиссия құрылып, конкурстың қорытындысы әр айдың соңында жарияланып отырмақ.
Мақсат – оқу орнының әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып, білім беру, ғылыми жұмыс және әкімшілік салаларында табанды еңбек етіп жүрген қызметкерлерді ынталандыру.
Комиссия шешімімен қазан айының үздік қызметкерлерінің есімдері белгілі болып, олар университет ректорының Алғыс хатымен және сыйақымен марапатталды.
Жүзден жүйрік атанғандардың қатарында Жаратылыстану институты директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дариға Батаева, Жалпы педагогика кафедрасының профессоры м.а. Мейрамгүл Бұлақбаева, Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Қалиева, Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Тұрсынбай Дәуітұлы, Математика кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Слямова және Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің тіркеуші-әдіскері Сандуғаш Қыдырбаева бар.
Үздіктерді Қыздар университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова құттықтап, оларға білікті маман даярлау жолында толағай табыстар тіледі.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Бөлісу: