Ұлттық тәрбиеге арналған конференция өтеді
-
11 қараша, 2020
«Қазіргі мектептегі жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері». Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Онлайн форматтағы жиында елімізге танымал педагогтар мен білім беру саласының мамандары ұлттық тәрбиені дәріптеу және оны күнделікті өмірде үздіксіз қолдану төңірегінде өзара пікір алмасып, келелі ойларымен бөліспек.
Конференция жұмысы «Қазіргі кездегі тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері және өзекті мәселелері», «Өзін-өзі тану» пәнін білім беру ұйымдарының тұтас педагогикалық үдерісіне интеграцияллау» және «Отбасылық тәрбиені ұйымдастырудың инновациялық тұрғылары» бағыттары бойынша жүргізілмек.
Zoom платформасында ұйымдастырылатын жиынға қазақстандық ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияға келіп түскен материалдар жинағы электронды нұсқада жарық көрмек.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Бөлісу: