Студенттік лига чемпиондары



    • Студенттік лига чемпиондары

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінен құралған қыздар футзал құрама командасы Астанада  өткен студенттер лигасынан жүлделі  ІІ орынды жеңіп алды. Жағымды жаңалықпен  спорт-клуб төрағасы  Ізгілік  Ахметов  хабарлады.

       2023 жылдың 9-15 сәуір аралығында студенттік спортты дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру  орталығымен бірлесіп, жоғары  оқу  орындарының студенттері  арасында  футзалдан студенттер лигасының  жарысын Астанадағы  «Сайран Арена» стадионында өткізген болатын.

      Аталған Ұлттық студенттік спорт лигасының ақтық сынына  7 команда қатысты.

      Осы  жарысқа  қызу  дайындықпен  барған қыздар футбол командасының үздік  жаттықтырушысы денешынықтыру  және  спорт кафедрасының аға  оқытушысы,    Ибрагим Бисариевтің  шеберлігінің арқасында, біздің  команда  жоғары есеп  көрсеткішімен финалға  шықты.

      Ақтық сында  жүлделі жүлделі екінші  орынға  аяқ  тіреді. Сонымен  қатар,  команда  мүшесі,  «Дене шынықтыру   және  спорт» мамандығының   4 курс студенті Ступина  Светлана турнирдің «үздік  қорғаушысы» атағына  ие  болды.

      Спортшы  қыздарымызды  мақтан тұтамыз! Жеңістерімен  құттықтаймыз!

      Бөлісу: