QYZPU студенттері Lesson Study жобасы аясында Ұлттық конференцияға қатысады
-
25 сәуір, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бітіруші түлектің атрибуттарын қалыптастыру аясында «Бітіруші түлек кәсіби өсу жолында өздігінен білім алуға және рефлексиялық зерттеу арқылы белсенді рефлексия процесіне қатысуға, талдауға, тұлғалық өсу үшін интроспекцияға қатысуға және өзінің педагогикалық тәжірибесіне рефлексия жасауға қабілетті екенін болжайтын» Lesson Study жобасын жүзеге асырады.
Педагогикалық тәжірибе барысында студент қыздар өздерінің 150-ден астам зерттеушілік дағдыларын тәжірибеде сынап көрді. 2023 жылдың 27-28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Назарбаев зияткерлік мектебінің ұйымдастырған «Рефлексиялық тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» атты Ұлттық конференцияда Қазақстан Республикасының педагогикалық қоғамдастығымен тәжірибе алмасады.
Бұл осы бағыттағы бірінші студенттік секция және қатысушылар біздің студенттердің тәжірибесіне қызығушылық танытады деп сенеміз.
Бөлісу: