Басқарма Төрағасы – Ректор "Алғыс айту" күнімен құттықтады
-
01 наурыз, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай Әмірханқызы "Алғыс айту" күнімен құттықтады.
"Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы, Сіздерді 1 - наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен махаббатын бейнелейтін мереке.
Осы айтулы күні көпұлтты еліміздің барша халқына, әсіресе университетіміздің ұжымына, оқытушыларға, студенттерге және қызметкерлерге шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сіздер еліміздің игілігі үшін еңбек етіп, мемлекеттің ең басты байлығы білім беру саласының дамытуына зор үлес қосып отырсыздар.
Бұл күні айналаңыздағы барша жанға, әріптестеріңізге, достарыңызға, ең жақын адамдарыңыз – отбасыңызға және жақындарыңызға алғыс білдіріңіз!
Алғыс айту күні құтты болсын! Береке-бірлігіміз берік, ырыс-ынтымағымыз нығая берсін!
Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай
Бөлісу: