Медиа-тренер Жамиля Маричевамен кездесу өтті



    • Медиа-тренер Жамиля Маричевамен кездесу өтті

      21 ақпанда Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығының қызметі аясында редактор, медиа-тренер, ProTenge жобасының негізін қалаушы Жамиля Маричевамен кездесу өтті.

      Кездесу барысында Жәмиля Маричева тәуелсіз БАҚ-тағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ әлеуметтік желілерде контентті қалай құру және тарату керектігін айтып, журналистикадағы фактчекинг туралы, қазіргі әлемдегі әлеуметтік медиа платформасының маңыздылығын атап өтті.

      Баяндамашы тендерлер мен мемлекеттік сатып алулар бойынша тексеру нәтижелерін жариялайтын Protenge авторлық жобасына ерекше назар аударды.

      Студенттер баяндамашыға сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Кездесуден кейін студенттер Жәмиля Маричевамен бірге естелік суретке түсіп, мазмұнды кездесуге және университетімізге келгеніне ризашылықтарын білдірді.

      Бөлісу: