Профессор Мионг Сун Октың дәрісі



    • Профессор  Мионг Сун Октың дәрісі

      Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының халықаралық ғылыми байланыстар негізінде 2023 жылдың 15 ақпанында «Eurasia Foundation (from Asia)» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шақырылған профессоры Мионг Сун Ок 1-курс студенттері үшін Оңтүстік Корея қоғамының өзекті мәселелері туралы дәріс өткізді.

      Оңтүстік Корея Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады, өткен 30 жылдық ынтымақтастық кезеңінде саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістіктер болды.

      Дәріс барысында профессор Мионг Сун Ок Жапонияның отаршылдығы, Екінші дүниежүзілік соғыс және этникалық кәрістердің Қазақстанға қоныс аударуы кезінде өткен халықтарымыз арасындағы екіжақты байланыстың тарихын ұжымдық естеліктер мен корей халық қаһарманы Хон Бом До туралы кеңестік романнан алынған фактілер негізінде талдады. Ұлт-азаттық көтерілістің батыры болған генерал Хон Бом До Қызылордада жерленген, көптеген жылдар өткен соң еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Оңтүстік Кореяның экс-президенті Мун Чже Иннің генералдың мәйітін тарихи отанына қайтару туралы өтінішін қолдап, 2021 жылдың тамызында Корея Республикасының ардагерлері мен патриоттар істері бойынша министр Хван Ги Чхоль бастаған Оңтүстік Корея делегациясының қатысуымен генералдыі ем күлін қайтару рәсімі өткізілді.

      Дәріс оқушылардың патриоттық сезімін, құндылықтар жүйесін, адамгершілікке бағытталуларын қалыптастыру тұрғысынан да пайдалы болды. Өз кезегінде профессор дәріс барысында бар ынта-жігермен сөз сөйлеп, өз көзқарастарын нақты білдіріп, сұрақтарға жауап бере отыра, пікірталасқа белсенді қатысқан студенттерімізге таң қалып ризашылығын білдірді.

      Бөлісу: