М.Мақатаев шығармашылығына арналған кеш өтті



    • М.Мақатаев шығармашылығына арналған кеш өтті

      Қазақтың лирик ақыны, Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туылғанына 92 жыл толуына орай, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, Филология институты, Қолданбалы шетел тілі кафедрасы, 1, 2 курс студенттері, кафедра оқытушылары және шақырылған қонақтар арасында «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» атты әдеби кеш жоғары деңгейде өтті.

      Іс-шараның мақсаты қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы өскелең ұрпақтың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу, сонымен қатар қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

      Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Кино қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркем Академиясының академигі, Құрмет орденінің иегері, профессор Шаяхмет Имашұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, аудармашы, әрі түркітанушы Жақып Мақсұтхан Аманжанұлы және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі мен Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалінің жүлдегері». Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдық мерейтойына ақын өлеңдерінің аударма нұсқасының авторы, ұстаз, әрі аудармашы Халық Гаухар Желдібайқызы қатысты.

      Іс-шараның барысында студенттер тарапынан өлең оқылып, ән айтылды. Сонымен қатар жазушы шығармаларының біріне қойылым көрсетілді және күй тартылды.

      Іс-шараның соңында әдеби кешке қатысқан студенттерге Гаухар Желдібайқызы тарапынан «Натюрморт» атты кітабы сыйға берілді, әрі Мақсұтхан Аманжанұлы тарапынан университет кітапханасына 30-ға жуық кітап сыйға тартылды.

      Бөлісу: