Музыкалық білім мамандығына 60 жыл



    • Музыкалық білім  мамандығына  60 жыл

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, «Музыка» кафедрасы «Қазақстандағы  музыкалық-педагогикалық білімнің қалыптасуы мен дамуы» атты  Музыкалық білім мамандығына -  60 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тəжірибелік online-offline конференция болып өтті.

      Конференцияның мақсаты: конференцияның ғылыми материалдарын жүйелеу және болашақ музыка мұғалімдерін даярлауды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

      3 секциядан құралған конференция Қазақстандық және шетелдік музыкалық білім берудің қалыптасуы және даму тарихы, Музыкалық білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер мен педагогикалық тәжірибе, Музыкалық білім берудегі заманауи тенденциялар (мазмұны, әдістері, технологиялары) атты тақырыптарды  қамтыды.

      Конференцияға  шетелдің  атап айтсақ,  АҚШ, Ресей, Түркия, Корея елінің музыка  саласының мамандары, еліміздің ЖОО-ның оқытушылары,  колледж, жалпы білім беретін мектеп, музыкалық мектеп мұғалімдері, магистранттар, докторанттар қатысты.

      Конференцияны кіріспе  сөзін университетіміздің  Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир  Жұмақұлов ашты.

      Аталмыш шараның негізгі спикері Ресейдің  Якутск қаласынан Музыка Жоғары Мектебі, өнертану ғылымдарының кандидаты, Жалпы және мамандандырылған фортепиано кафедрасының меңгерушісі Варламова Александра Васильевна болды.

      АҚШ-тың  Алабама штаты, University of  Mobile   музыка профессоры    Оңалбаева Хадиша «Мusic education in the United States of America», Кореяның  Сеул қаласынан Chugye Өнер Мектебінің музыка  мамандығының PhD Gauk Lyudmila «Орыс және корей тілдеріндегі музыкалық теория терминдерін контрастивті талдау», Түркияның  Адана  қаласы, Чукурова Университетінің жанындағы Ұлттық консерваториясының аға оқытушысы    Эйюбов Ильгар Натик оглы «Хор в учебных заведениях» Алматы облысы, Іле ауданы № 42 жалпы орта мектеп музыка пәні мұғалімі: Дүйсебаева Қалимаш Тұрсынқұловна «Әншілік негізгі ережелерді музыка сабағында қолдану жолдары», Астана қаласы, №53 мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Абылгазина Батима Емильбаевна «Кіріктірілген оқыту барысында музыка сабағында оқушы тұлғасын дамыту» тақырыптарында  өз баяндамаларын оқыды.

       

      Бөлісу: