Университетімізде Педагогикалық идеялар фестивалі өтті
-
02 желтоқсан, 2022
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Аталмыш шара балаларды қорғау жылына орай, «Балалардың әл-ауқаты және ментальді саулығы» тақырыбының аясында өрбіді.
Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып отырған Фестиваль екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 28 қараша және 2 желтоқсан аралығын қамтыған мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен университет арасындағы өзара педагогикалық тәжірибе алмасулар өтті. Бұл кезең барысында қалалық мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетекші әдіскер мұғалімдері болашақ педагогтерге ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізді. Сонымен қатар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жетекші ғалымдарының шеберлік сыныптары да ұйымдастырылды.
Фестивальдің екінші кезеңі желтоқсан айының 2-3 күндері «EdTalks: Бәрі балалар туралы» атауымен пленарлық отырыс және секциялық жұмыстардан тұрды.
Фестивальдің жұмысына Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, үздік педагогтар мен психологтар, зерттеушілер, медицина, өнер және балалар әдебиеті саласы қызметкерлерінің пікірлері тыңдалып, түрлі шеберлік сыныптары мен балаларға арналған шығармашылық аймақтар ұйымдастырылып отырды. Фестивальдің мақсаты балалардың әл-ауқатын және ментальді саулығын қамтамасыз ету үшін білім беру мекемелері мен отбасында балаларға қолайлы психологиялық білім беру ортасын құру мәселесін талқылау
Фестивальдің ашылуында Ed talks форматында өз тақырыптарын еркін форматта талқылауға келесідей мамандар қатысты;
1. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин «Наши дети всегда нуждается в нас»;
2. «Отбасылық даму халықаралық институтының» президенті Ақбота Базарбаева «Адамның ментальді саулығы және оның өмірдің түрлі салаларына әсері»;
3. «Осознанное родительство» бағдарламасының авторы, ҚазҰлтҚызПУ «Теориялық және практикалық психология» кафедрасының бағдарлама көшбасшысы Гульмира Топанова «Как стать осознанном родителем?».
4. Балалардың дұрыс тамақтануымен айналысатын маман, кәсіби Диетолог -нутрицолог Дияра Антаева «Как улучшить успеваемость школьников, сбалансировав питание?».
5. ҚазҰлтҚыз ПУ «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Лаура Тайтелиева «Бала үнін тыңдай білесіз бе?».
Әр спикер өз саласы бойынша туындап отырған бірқатар мәселелерді алға тартып, оның баланың ментальді саулығына байланысын көрсету арқылы, мәселенің шешу жолдарын ұсынды. Спикерлер баяндамаларынан кейін қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жасады.

«Адамның ментальді саулығы мен қалыптылық деңгейі» тақырыбындағы 1 секция отырысына «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласы филиалынан Гулбаршын Серикбаева «Балалардың әл-ауқаты және ментальді саулығы», аталмыш филиал өкілі Гүлбала Кеніштайқызы «Сіз өз балаңызды қандай деңгейде танисыз?» және коуч-психолог Сара Мусина «кризис коммуникации:как он влияет на ментальное здоровье?» тақырыптарында баяндамалар оқыса,
Фестивальдің дөңгелек үстел форматында өткен 2 секция Балалар әдебиетінің бүгіні туралы ауқымды тақырыпты қозғады. Дөңгелек үстелге М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының профессоры АқышНұрдәулет «Қазіргі балалар әдебиетіндегі жетістіктер мен қиындықтар» тақырыбында сөз қозғаса, балалар жазушысы, «Айгөлек журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы «Баланың жан әлемін жаңаша тәрбиелеу» тақырыбында» терең тоқталды. «Умай» ертегілер жинағының авторы Галия Утебекова «Вовлечение детей в чтение» тақырыбын да баяндама оқыды.
Бөлісу: