Университет магистранттарымен және докторанттарына арналған Академиялық жазылым ғылыми семинары



    • Университет магистранттарымен және докторанттарына арналған Академиялық жазылым ғылыми семинары

      Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде филология ғылымдарының кандидаты, Ұлыбританияның Ноттингем университетінің Білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі, Еділбай Төлеубайұлы қазан айының 20-нан бастап Академиялық жазылым бойынша ғылыми семинар өткізуде.

       

      Унверситет магистранттарымыз, докторанттарымыз, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы үшін академиялық жазылым бойынша ғылыми семинарға қатысуға бірегей мүмкіндік жасап отыр. Бұл семинар жазудың әртүрлі тәсілдерін талқылауға және зерттеуге, ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын дамытуға бағытталған.

       

      Семинар аясында қатысушылардың өз ғылыми мақалаларын жазуы, оларды топтық талқылау және өзара рецензиялау, дәріскермен кеңесу, апта сайынғы сабақтарға міндетті қатысу көзделген.

       

      Оқыту нәтижесінде қатысушылар:

      •  академиялық жазылым түрлері туралы түсінікке ие болады;
      •  ғылыми мақалаларды жазу және құрылымдау ерекшеліктері туралы білетін болады;
      • дұрыс дәйексөз келтіре алады, парафраз жасай алады;
      •  қатысу сертификатын алады.

       

      Дәріскер аталмыш семинар негізінде барлық институт кафедраларының магистр, докторант және  профессор-оқытушылар құрамына 1 жыл бойына дәріс өтпек.

       

      Дәріскер тұралы қысқаша ақпарат:

      2015 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Ноттингем университетінде «Білім және ғылым саласындағы басқару» мамандығы бойынша біліктілігін арттырған. Негізгі сабақ беретін пәні – “Академиялық жазылым”. Осы пән бойынша 2018 жылы шығарылған академиялық оқу құралының және мини-онлайн курстардың авторы. Басқару және тіл білімі саласында ағылшын және қазақ тілдерінде 30-ға жуық мақалсы жарық көрген.

      Бөлісу: