Университетімізде Кембридж университетінің профессоры Доктор Томас Хариотт іс-шаралар өткізуде



    • Университетімізде Кембридж университетінің профессоры Доктор Томас Хариотт іс-шаралар өткізуде

      Университетімізде 2022 жылдың 27 қазан мен 3 қараша аралығында Кембридж университетінің өкілі доктор Томас Хариоттпен (Thomas Harriott) білім беру семинарлары мен академиялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша сараптамалық жұмыстар өтуде.

      Семинардың алғашқы күнінде профессор Томас Хариотт университет ректоры Гүлмира Қанайдың қабылдауында болды. Семинарлар барысында Томас Хариотт «Ұлыбританияда зерттеу жұмысының жүргізудің тәжірибесі», «Ұлыбританиядағы мұғалімдерді даярлау жүйесі: бакалавриат және магистратура деңгейі», «Ұлыбританиядағы академиялық бағдарламаларды жобалау және әзірлеу», «Химия-биология» факультетінің оқытушылары мен студенттеріне «Химияны оқыту: халықаралық тәжірибе», «Білім берудегі іс-әрекетті зерттеу және сабақты зерттеу» сынды тақырыптарда сессиялар өткізіп, білім беру бағдарламаларының көшбасшылары, профессор-оқытушы құрам және білім алушылармен пікір алмасты.

      Сонымен қатар,  университетіміздің «Академиялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу бөлімі, Абай атындағы ҚазҰПУ, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Назарбаев зияткерлік мектебімен  бірге жаңа білім бағдарламасын әзірлеу бойынша сараптамалық жұмыстар өткізілуде. Қатысамын деп қызығушылық танытқандар үшін Доктор Томас Хариоттың қатысуымен өтіп жатқан іс-шаралар тұрақты түрде Бас ғимарттың 107-ші конференция залында өтуде.

      Бөлісу: