QyzPU ректоры Түрік елшілігімен кездесті



    • QyzPU ректоры Түрік елшілігімен кездесті

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрайымы –Ректор Гүлмира Қанай Бүгін Түркия Республикасының Бас консулы Әли Риза Ақынжымен кездесті.

      Кездесуде Түркияның жоғары оқу орындарымен өзара бірлесе жұмыс жасау және академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, Түркия университеттерінде Қыздар униуверситетінің филиалын ашу, профессорлық-оқытушылар құрамын тарту және университеттің кітап қорына үлес қосу мәселелері талқыланды.

      Сондай-ақ, Бейресми білім беру орталығының жұмысы аясында Түркияның Бас консулдығымен бірлесіп, түрік тілі мен мәдениеті орталығының жұмыстарын кеңейту жоспарлануда.Мұнда бейнелеу өнері, эбру, өндіріс керамикалық бұйымдарды безендіру, оқу клубы және өнер сабақтары өтеді.

      Белсенді өзара іс-қимыл және іс-шараларды өткізу нәтижесіндеуниверситет  студенттерінің түрік университеттерінде білім алу және халықаралық түрік компанияларында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту күтілуде.

      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

       

       

      Бөлісу: