«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттері қорытынды жұмыстарын тапсырды



    • «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының  студенттері  қорытынды жұмыстарын тапсырды

      АЛМАТЫ. 13 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU-дың  Әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  және өнер институтының Хореография және Арт-менеджмент кафедрасының 4-курс студенттері бір апта бойы дипломдық жұмыстарының  бір бөлігі болып саналатын – мәдени іс-шараларды өткізуде.

      «Мәдени  тынығу жұмысы» мамандығының  бітіру жұмыстарында  студенттер мерекелік  іс-шара  ұйымдастырып,  концерт немесе  сахналық қойылым  қою міндеттелген. Бұл жұмыс – бітіруші  түлектің жазба  жұмысына есеп  ретінде  тіркеледі.

      Мерекелік  шаралардың  барлығы  да биылғы «Балалар жылына» орай өткізілді.  Зәуре Бекенова және Аружан Ғапбас пен Аружан Құрманжанның ұйымдастыруымен өткен «Жарқырай бер жас  талант» атты концертке болашақ педагогтер өздері  тәжірибеден өтіп жүрген мектеп  оқушыларының  ішінен талантты  балаларды таңдап, өнерлерін көпшілікке  таныстырды.  

      Бітірушілердің бір тобы   концерт ұйымдастырса,  келесі  топ  мүшелері  «Күлше қыз» атты  2 актілі 4 көріністі  балаларға арналған музыкалық ойын-ертегіні  қойды. Қойылым –  4 курс  студенттері  Арайлым  Әбдумүтәліпова, Мөлдір Абилтаева, Ақмарал Ракишева,  Шарифат Серіктің  бітіру  жұмыстарының  нәтижесі. Қыздар қойылымға  өздері  тәжірибеден өтіп  жүрген Жүсіпбек  Елебеков  атындағы «Эстрада  және  цирк  колледжі» студенттерімен бірге  басты  рөлде  ойнап, көрерменнің  қошеметіне  бөленді. 

      Рысмендин Ұлжан, Мәтқалық Айсұлу, Талғат Аружаннан құралған келесі  бір топ  «Бақыт деген сенің  бала  күндерің» атты балаларға  арналған концерттік  бағдарламаны  ұйымдастырды.  Шара  аясында  қыздарымыз балалар үйінің  бүлдіршіндерін де  қонаққа  шақырған.  Концерттік  бағдарламадан бөлек     бүлдіршіндердің  көңілін көтеру  үшін келген аниматорлар да  балаларға  әдемі  әсер сыйлады.

      Жас  буынның  талантын ашуға,  театр әлемімен  танысуға,  жәутеңкөз жандардың  жанына  жылу  сыйлауды  мақсат  тұтқан мерекелік  шаралардың  барлығын  да жоғары  деңгейде өткізілді.  Студенттеріміз ендігі  бір асу  – жазба  жұмысын қорғауға  дайындалмақ. 

      Болашақ түлектерге  алдағы  жауапты  емтихандарын жақсы  тапсырып,  үлкен  маман иесі  болып қанат қағуларына тілектеспіз!

      МЕДИА

      ВИДЕО

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: