Виртуалды тіркеуші кеңсе

  • ВИРТУАЛДЫ: ТІРКЕУШІ КЕҢСЕ, СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ, ТЕСТІЛЕУ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

    Құрметті бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім алушылар!

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жаңа 2020-2021 оқу жылында оқу  1 қыркүйектен бастап қашықтан өткізілетінін хабарлайды.

     СІЗДЕРМЕН үздіксіз байланыста болу үшін келесі виртуалды көмекшілер: тіркеуші кеңсе, студенттерге қызмет көрсету орталығы, тестілеу және қашықтан білім беру орталығы  қызмет көрсететін болады.

    СІЗ виртуалды көмекшінің көмегімен келесі қызметтерді ала аласыз:

    Тіркеуші кеңсе:

    • жеке оқу жоспарын құрады;
    • ауысулар:
      • бір білім беру бағдарламасынан басқа білім беру  бағдарламасына ауысу;
      • бір оқу нысанынан басқа оқу нысанына ауысу;
      • басқа ЖОО-нан ҚазҰлтҚызПУ ауысу;
      • ҚазҰлтҚызПУ – нен басқа ЖОО-на ауысу;
    • оқудан шығару және  қайта қабылдау;
    • академиялық демалысқа шығу және/немесе академиялық демалыстан оралу;
    • білім алушының атын және /немесе тегін ауыстыру;
    • емтихандарды жеке тапсыру, «ҒХ» бағасын алған жағдайда қайта тапсыру;
    • жазғы семестрге пәндерге  тіркеу;
    • келесі оқу жылына пәндерге және  профессорлық-оқытушылық құрамға тіркеу.

    Студенттерге қызмет көрсету орталығы

    • оқып жатқандығы және оқығандығы туралы анықтамалар;
    • дипломдарды және олардың қосымшасын беру және дубликаттар беру;
    • мұрағаттық анықтамалар беру;
    • айналым қағазын өту.

    Тестілеу және қашықтықтан білім беру орталығы:

    • оқу үдерісін қашықтан оқыту нысанында ұйымдастыру бойынша кеңес беру  
    • пәндер бойынша тапсырмалар алу және жүктеу;
    • ағымдық сабақтарды, қорытынды аттестаттауды техникалық қолдау.

    КОРПОРАТИВТІ ПОШТА : or_kazmkpu@mail.ru