Бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялайды
-
16 тамыз, 2021
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ 2021-2022 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының және осыған сәйкес тұлғалардың бос лауазым орындарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Педагогика-психология институты: институт директоры-1, директордың ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі орынбасары -1; директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары-1, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1,
2. Қазақ тілі және әлем тілдері институты: институт директоры-1, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1, директордың ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі орынбасары-1.
3. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты: институт директоры-1, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары-1, директордың ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі орынбасары-1.
4. Физика, математика және цифрлық технологиялар институты: институт директоры-1;
5. Жаратылыстану институты: институт директоры-1, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1, директордың ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі орынбасары-1.
Жалпы біліктілік талаптары:
- Институт директоры (Педагогика-психология институты, Қазақ тілі және әлем тілдері институты, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Жаратылыстану институты): "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі - СБШ бойынша біліктілік деңгейі 8 (8.1; 8.2 кіші деңгейлері), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе бейіні бойынша PhD дәрежесі, білім беру ұйымдарында немесе мамандығы бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; мүмкіндігінше басқару менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
- Институт директорының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (Қазақ тілі және әлем тілдері институты, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Жаратылыстану институты): "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі - СБШ бойынша біліктілік деңгейі 7 (7.1; 7.2 кіші деңгейлер) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе PhD дәрежесінің, ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы; білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдардағы немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық және (немесе) ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; мүмкіндігінше білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
- Институт директорының ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі орынбасары (Педагогика-психология институты, Қазақ тілі және әлем тілдері институты, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Жаратылыстану институты): "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі - СБШ бойынша біліктілік деңгейі 7 (7.1; 7.2 кіші деңгейлер), жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе PhD дәрежесінің, ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы; білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдардағы немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық және (немесе) ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; мүмкіндігінше білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
- Институт директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары (Педагогика-психология институты): "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі - СБШ бойынша біліктілік деңгейі 7 (7.1; 7.2 кіші деңгейлер) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе PhD дәрежесінің, ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы; білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдардағы немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық және (немесе) ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; мүмкіндігінше білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
- Институт директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (Педагогика-психология институты): "Педагог" кәсіби стандартының талаптарына сәйкестігі - СБШ бойынша біліктілік деңгейі 7 (7.1; 7.2 кіші деңгейлер) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе PhD дәрежесінің, ғылым магистрі академиялық дәрежесінің болуы; білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдардағы немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық және (немесе) ғылыми-зерттеу жұмыс өтілі кемінде 2 жыл; мүмкіндігінше білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) университет қызметкері болып табылмайтын үміткер үшін:
- басшының атына өтініш;
- кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс қағазы;
- өмірбаяны;
- жоғары білім туралы дипломдардың (қосымшасымен бірге), академиялық және ғылыми дәрежесінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін соңғы 5 жылдағы түпнұсқалары;
- - соңғы 5 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса) (скриндер, патенттер және т. б.);
- ашық сабақты өткізу сапасы туралы кафедра қорытындысы;
- адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
- психиатриялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерде есепке алынбағаны туралы анықтама;
- алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат, флюорография суреті және санитарлық кітапша;
- жеке куәліктің көшірмесі; тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі.
- еңбек кітапшасының куәландырылған көшірмесі (немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат);
- шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (болған жағдайда);
- профессор-оқытушылар құрамының бос лауазым орындарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаны және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды).
2) «ҚазҰҚызПУ» КЕАҚ қызметкері болып табылатын үміткер үшін:
- басшының атына өтініш;
- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін соңғы 5 жылдағы түпнұсқалары;
- шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (болған жағдайда);
- соңғы 5 жылда ЖОО-ның ғылыми хатшысымен расталған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (түпнұсқа);
- адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
- ашық сабақты өткізу сапасы туралы кафедра қорытындысы;
- соңғы 3 (үш) жылда атқарылған жұмысы туралы есеп (4-Қосымша профессор-оқытушылар құрамының лауазым орындарына конкурстық орналасу туралы Ереже);
- профессор-оқытушылар құрамының бос лауазым орындарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаны және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды).
!!! Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылдың 26 тамына дейін! 26 тамыздан кейін құжаттар қабылданбайды!!!
!!! Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысты қосымша ақпаратты (KPI нәтижелері, мінездеме және басқалар) сұратуға құқылы.
!!! Құжаттарды erke.slyambekkyzy@mail.ru электронды мекен-жайға немесе 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі,114, корпус 1, 126-кабинет мекен-жайына жолдаңыз.
!!! Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 87771225434, 8(727) 2370037.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: