Бос лауазымдарға конкурс туралы хабарландыру (Бас экономист)



    • Бос лауазымдарға конкурс туралы хабарландыру (Бас экономист)

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

      1. Бас бухгалтер
      2. Бас экономист

      Бас экономист лауазымына қойылатын жалпыбіліктілік талаптары:

      1. Тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіби (экономикалық) білім.

      2. Қаржылық, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

      Лауазымдық міндеттері:

      • Ұйымдағы экономикалық жоспарлауға байланысты жұмыстарға басшылық жасай алу. Жоғары тұрған органдарға экономикалық қызмет нәтижелері туралы есептіліктің уақтылы ұсынылуын бақылау;
      • Қоғамның шаруашылық қызметінің барлық учаскелерінде материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;
      • Жоспарлаудың нормативтік базасын, материалдық құндылықтарды жұмсау нормаларын жетілдіру, жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді;
      • Білім беру қызметтерінің жоспарлы нормативтік калькуляцияларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      • Қаржылық тәртіптің, шаруашылық есептің сақталуын, жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын бақылау, кешенді экономикалық талдау жүргізу және қоғам мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді;
      • Мемлекеттік тапсырысты орындауда бюджет қаражатын ашуға құжаттаманы дайындау және ресімдеу, ақша қаражатының уақтылы түсуіне бақылау жүргізеді;
      • Шығындардың сметасын құрады  және сол сметаларға есептеулер жасайды.
      • Құрылымдық бөлімшелердің еңбекақы қорын құрады;
      • "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" №1193 қаулыға сәйкес әкімшілік персоналдың, профессорлық-оқытушылық құрамның штат кестелерін жасау, жалақы қорының дұрыс жұмсалуын қадағалау, қоғам персоналының санаттарын анықтау жұмыстарын жүргізеді және бақылайды;
      • Бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауын және штаттық тәртібінің қатаң сақталуын бақылайды;

      Конкурс шарттары:

      Конкурсқа қатысушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1. Түйіндеме (жұмысқа қабылдаудың және жұмыстан босатудың толық күнін, сондай-ақ ҚР ЕК бойынша еңбек шартын бұзу бабын көрсете отырып));
      2. Жеке куәлік көшірмесі;
      3. Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
      4. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
      5. Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама

      Құжаттар бос орын жарияланған күннен бастап екі апта ішінде қабылданады.

      Қажет болған жағдайда өтініш берушіден осы конкурсқа қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылымыз.

      Құжаттарды келесі электронды мекенжайға жолдау қажет!!!erke.slyambekkyzy@mail.ru kuralay_buh@mail.ru; немесе мекен-жайы бойынша: 050000, Алматы қаласы. Гоголь көшесі, 114, Корпус-1, 126 кабинет.

      Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады!!!

      8(727) 2370037.

      Бөлісу: