Бос лауазымдарға конкурс туралы хабарландыру (Бас бухгалтер)



    • Бос лауазымдарға конкурс туралы хабарландыру (Бас бухгалтер)

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

      1. Бас бухгалтер
      2. Бас экономист

      Бас бухгалтер лауазымына қойылатын жалпыбіліктілік талаптары:

      1. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
      2. Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы;
      3. Қаржы-бухгалтерлік, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

      Лауазымдық міндеттері:

      • Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;
      • Есептілік саясатына сәйкес қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылау, қаржылық және бюджеттік есептілікті ұсыну бойынша шаралар қабылдау және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
      • белгіленген мерзімде барлық қосымшалармен бірге бухгалтерлік есепті жасау  және бухгалтерлік есепке түсіндірме баяндаманы дайындау;
      • Қаржы ресурстарын басқару, төлем шоттарына және басқа да банк құжаттарына екінші қол қою, кассалық, есеп айырысу, несие алу және басқа да қаржы құжаттарына бірінші қол қою, қаржылық және статистикалық есептілік,  материалдық құндылықтарды қоймадан босатуға байланысты шығыс құжаттарын визалау (бұрыштама қою);
      • Бухгалтерлік есептің барлық тіркелім құжаттарына қол қойылуын тексеру;
      • Кассалық және қаржылық тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
      • Дебиторлық берешекті уақтылы өндіріліп алынуы және кредиторлық берешектің өтелуін жүргізу;
      • Ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды жылдық түгендеуден өткізу мен жүргізуді, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықталуынжәне олардың есепте көрсетілуін бақылауды қамтамасыз ету;
      • Қаржылық жағдайтуралы жедел ақпарат беруді қамтамасыз ету;
      • Келіп түскен бұйрықтардың жобаларын, хаттамалардың шешімдерін және университеттің басқа да құжаттарын дайындауға және қарауға қатысу;

      Конкурсқа қатысушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1. Түйіндеме (жұмысқа қабылдаудың және жұмыстан босатудың толық күнін, сондай-ақ ҚР ЕК бойынша еңбек шартын бұзу бабын көрсете отырып));
      2. Жеке куәлік көшірмесі;
      3. Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
      4. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
      5. Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама

      Құжаттар бос орын жарияланған күннен бастап екі апта ішінде қабылданады.

      Қажет болған жағдайда өтініш берушіден осы конкурсқа қатысуға қатысы бар қосымша ақпаратты сұратуға құқылымыз.

      Құжаттарды келесі электронды мекенжайға жолдау қажет!!!erke.slyambekkyzy@mail.ru kuralay_buh@mail.ru; немесе мекен-жайы бойынша: 050000, Алматы қаласы. Гоголь көшесі, 114, Корпус-1, 126 кабинет.

      Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады!!! 8(727) 2370037

      Бөлісу: