«Хореографиялық пәндерді оқытудың заманауи әдістері» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді



    •  «Хореографиялық пәндерді оқытудың заманауи әдістері» атты біліктілікті арттыру курсы өтеді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Хореография және Арт-менеджмент» кафедрасы 2025 жылдың 27 қазан – 8 қараша аралығында педагог-хореографтарға арналған «Хореографиялық пәндерді оқытудың заманауи әдістері» атты біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

      Бағдарлама қосымша білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының хореография пәні оқытушыларына арналған. Курстың мақсаты – хореографтарды оқытудың заманауи әдістерін тиімді пайдалану үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру, оқу және шығармашылық үдерісте инновациялық тәсілдерді қолдануға бағытталған білім мен дағдыларды дамыту. Курс соңында қатысушыларға сертификат беріледі.

      Өткізу мерзімі: 27 қазан – 8 қараша 2025 жыл
      Курс көлемі: 80 сағат
      Курс ақысы: 22 000 теңге

      Оқытушылар:

      * Кусанова Анипа Ерланқызы – PhD, «Хореография және Арт-менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.

      * Күкетов Берік Алпысбайұлы –
      хореография педагогика магистрі, "Хореография және Арт-менеджмент" кафедрасының аға оқытушысы

      * Бәкірова Самал Әбілпатташқызы – PhD докторы, "Хореография және Арт-менеджмент" кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.
       

      Байланыс нөмірлері:
      8777 135 4244, 8702 728 5355

      Бұл курс – кәсіби шеберлікті арттырып, хореографиялық білім беру саласында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге тамаша мүмкіндік.

      Бөлісу: