«SWEET BOOK» тарихи кітап байқауына қатысуға шақырамыз!
-
14 қазан, 2025
Құрметті оқытушылар мен білім алушылар!
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасы және «Жас тарихшы» үйірмесі 2025 жылдың 21 қарашасында ерекше форматтағы шығармашылық сайыс – «SWEET BOOK» тарихи кітап байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – студенттердің тарихи кітаптарға қызығушылығын арттыру, рухани және интеллектуалдық дамуына жол ашу, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін жаңа, креативті бағытта насихаттау.
Ерекшелігі: бұл байқауда қатысушылар тек тарихи еңбектерді таныстырып қана қоймай, кітап тақырыбы мен мазмұнын аспаздық шеберлікпен байланыстырады.
Байқаудың міндеттері:
- Кітап арқылы алған әсерлерімен бөлісу;
- Кітап оқуды аспаздықпен ұштастыру арқылы тың формат ұсыну;
- Тарихи кейіпкерлер мен оқиғаларды шығармашылықпен бейнелеу.
Қатысу шарттары:
Байқауға әр институттан бір команда қатыса алады. Команда құрамында 10 студентке дейін болуға рұқсат. Қатысуға өтініш пен қысқаша бейнеролик 2025 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.
Өтетін орны: Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхана
Өтетін уақыты: 2025 жылғы 21 қараша, сағат 14:00
Байқау тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріБайқау шарттары жайлы толығырақ: https://docs.google.com/document/d/1TEOsJtelcjzFXSH9lT-fI-ua9CZHo5I0/edit?usp=drive_link&ouid=106183898646583423132&rtpof=true&sd=true
Кітап оқуды сүйетін, тарихқа бейжай қарамайтын және шығармашылыққа құштар жастарды байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!
Бөлісу: