Халықаралық деңгейдегі ғалым Галимов Алмаз Мирзануровичтің қонақ дәрісі
-
14 қазан, 2025
Құрметті әріптестер, оқытушылар мен студенттер!
2025 жылдың 17 қазанында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Тарих кафедрасында ғылым мен білімнің өзекті мәселелеріне арналған қонақ дәріс өтеді. Іс-шараға Қазан федералды университетінің Джизак қаласындағы филиалының директоры, халықаралық деңгейдегі сарапшы, педагогика саласындағы көпжылдық тәжірибесі бар танымал ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Галимов Алмаз Мирзанурович қатысады.
Қонақ дәріс «Оқытудың мәдени негіздері» тақырыбында өтеді.
Дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің мәдениетаралық білім мен оқыту үдерісіндегі мәдени құндылықтардың маңыздылығын терең түсінуіне ықпал ету, болашақ тарихшылар мен педагогтардың кәсіби даярлығын жетілдіру және халықаралық академиялық байланыстарды дамыту. Сонымен қатар, профессор білім беру жүйесіндегі заманауи әдіс-тәсілдер мен өз тәжірибесінен алынған тиімді педагогикалық үлгілермен бөліседі.
Өтетін күні: 17 қазан 2025 жыл
Уақыты: 09:00
Өтетін орны: Әйтеке би көшесі, 114/1, 4-қабат, 423-кабинет
Барлық оқытушылар мен студенттерді халықаралық сарапшының дәрісіне қатысып, жаңа ғылыми көзқарастар мен тәжірибелік білім алуға шақырамыз!
Бөлісу: