«Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері және биологиялық білім берудің заманауи тәсілдері» халықаралық ғылыми конференция



    • «Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері және биологиялық білім берудің заманауи тәсілдері» халықаралық ғылыми конференция

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты, Биология кафедрасы университеттің құрметті профессоры, белгілі ғалым Алтынбек Сартайұлы Сартаевтың туғанына 80 жыл толуына орай халықаралық деңгейдегі ғылыми жиын өткізеді.

      «Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері және биологиялық білім берудің заманауи тәсілдері» атты конференция 2025 жылғы 6 қараша күні Алматы қаласында, гибридті форматта (оффлайн және онлайн) ұйымдастырылады.

      Ғылыми форум аясында үш негізгі бағыттағы секциялар жұмыс істейді:

      1. «Генетика және молекулалық биологияның жетістіктері: геномика мен гендік инженерияның келешегі»
      2.  «Заманауи биология және биотехнологиялық зерттеулер»
      3.  «Білім берудегі көшбасшылық: педагогикалық инновациялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері»

      Конференцияға Қазақстан мен шетелдің ғалымдары, докторанттар мен магистранттар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, мектеп және колледж мұғалімдері қатысады деп күтілуде.

      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, 215 конференц-зал.
      Басталуы: сағат 10:00.

      Онлайн қосылу үшін Zoom сілтемесі: https://zoom.us/j/99632706309?pwd=DPGfHJskk6DUYWXCxL18WZap4p789m.1#success

      Конференция идентификаторы: 996 3270 6309

      Қосылу коды: 286659

      Конференцияға материалдарды ұсынудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың 15 қазан.

      Конференциялар ISBN тағайындауымен pdf форматында жарияланады.

      ТІРКЕУ НЫСАНЫ (Конференцияға қатысуға өтінім) https://docs.google.com/spreadsheets/d/1nFVMM_oqvR2iOPEZNToi81hYJRZ6BAv7xkjjIpnKi-I/edit?gid=0#gid=0

      Толығырақ төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://drive.google.com/drive/folders/1VTF0VCYyo5Kag0MevF7k1cb9wNJXEBog?usp=drive_link

      Сіздерді күтеміз

      Бөлісу: