Қаржылық сауатқа арналған кезекті мастер класс
-
03 қазан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 1-курс студенттеріне арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы мастер класс жалғасуда. Іс-шараны Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырып отыр.
Спикер ретінде сертификатталған КОУЧ, «Sen» кітабының авторы Азамат Скаков шақырылып, студенттерге қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидалары, уақытты тиімді басқару тәсілдері және мақсатқа жетудің нақты жолдары туралы тәжірибесімен бөліседі.
Шараның мақсаты – студенттердің қаржылық білімін арттыру арқылы олардың көшбасшылық қабілетін, кәсіби дамуын және өмірлік дағдыларын жетілдіру. Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының IV – «Сапалы білім», VIII – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу» және V – «Гендерлік теңдік» бағыттарына сәйкес жүзеге асырылуда.
Өтетін күні: 6 қыркүйек 2025 жыл
Уақыты: 15:00–17:00
Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, Акт залыСтуденттерді қатысуға шақырамыз!
Бөлісу: