Университетімізде тегін түрік тілі курстары басталады
-
30 қыркүйек, 2025
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кампусында академиялық құрам мен студенттер үшін тегін түрік тілі курстары ұйымдастырылады.
Бұл курстар тілдік құзыреттерді арттыруға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосады деп сенеміз.
Басталу уақыты: 1 қазан
Курс желтоқсан айының аяғына дейін жалғасады
Деңгейлері мен кестесі:
- А1 деңгейі — дүйсенбі, сәрсенбі, сағат 17:00–19:00
- В1 деңгейі — дүйсенбі, сәрсенбі, сағат 19:00–21:00
Дәріс беруші: Неслихан Делиже, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен Түркияның Чукурова университетінен келген волонтер оқытушы
Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, 5-қабат, 501-дәріс залы
Оқу материалдары туралы ақпарат:
Курста қолданылатын негізгі оқулық, жұмыс дәптері және жеке CD-диск оқу материалы қатысушылардың өз қаражаты есебінен алынады. Біздің университеттің оқытушылары мен студенттері үшін оқу құралдарының жалпы құны - 12 500 теңге. Әрбір қатысушыға оқу материалдары жеке (индивидуалды) дайындалатындықтан, курска келген соң тіркеліп, тапсырыс арқылы қамтамасыз етіледі.
Қосымша ақпарат:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға менеджері – Нұртаза Айдана Нұралықызы
nurtaza.a@qyzpu.edu.kz, +7 775 736 64 68Ерекше мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Бөлісу: