Қаржылық сауаттылық: Мотивациялық кездесуге шақырамыз



    • Қаржылық сауаттылық: Мотивациялық кездесуге шақырамыз

      QyzPU Тұлға қалыптастыру департаменті және Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы 1 курс студенттеріне арналған мотивациялық кездесулерін бастайды. Алғашқы дәріс 18 қыркүйек күні сағат 16:00-де АКТ залында өтеді. Қонақ ретінде «FingWin» қаржылық қосымшасының негізін қалаушы Нұргүл Бексұлтанқызы шақырылды.

      Дәрістің мақсаты – қатысушыларға қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидаттарын түсіндіру, жеке қаржыны тиімді басқаруды үйрету, инвестициялық ойлау қабілетін дамыту және саналы шешім қабылдауға бағыт беру.

      Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп, IV – Сапалы білім, V – Гендерлік теңдік, VIII – Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу бағыттарын қолдайды. Қаржылық сауаттылықты дамыту жастардың, әсіресе қыздардың көшбасшылық әлеуетін арттырып, кәсіпкерлікке деген ынтасын күшейтеді және қоғамда тең мүмкіндіктерді қалыптастыруға ықпал етеді. Студенттерді кездесуге қатысуға шақырамыз.

      Бөлісу: