Huawei ICT Competition Roadshow 2025–2026
-
11 қыркүйек, 2025
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді 2025 жылғы 15 қыркүйекте өтетін Huawei ICT Academies өкілдерімен кездесуге шақырамыз!
Іс-шара Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстанда басталған Huawei ICT Competition Roadshow 2025–2026 жыл сайынғы бағдарламасы аясында өтеді.
Huawei ICT Academies қолдау орталығының өкілі Темірлан Жақсылықов Huawei компаниясының қызметі мен халықаралық Huawei ICT Competition 2025–2026 Roadshow туралы презентация жасайды.
Roadshow еліміздің 48 жоғары оқу орнын қамтып, студенттерге заманауи технологиялармен танысуға, сарапшылардан білім алуға және АКТ саласындағы мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Қатысушылар: «Информатика» және «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедраларының оқытушылары мен студенттері
Күні: 15 қыркүйек 2025 жыл Уақыты: 15:00 Өтетін орны: Гоголь көшесі, 114, АКТ залы
Бөлісу: