Педагогикалық қайта даярлау курсы
-
18 тамыз, 2025
QyzPU Педагогикалық кадрларды қайта даярлау бағдарламасы бойынша білім алуға шақырады!
Курс педагогикалық білімі жоқ, бірақ өз саласы бойынша кәсіби білімі бар адамдарға арналған.
Ұзақтығы: 9 ай
Кадрларды қайта даярлау бағдарламалары кәсіби қызметтің жаңа түрін меңгеруге қажетті пәндер мен ғылым, техника, технология бөлімдерін зерделеуге мүмкіндік береді.
Ерекшелігі: Педагогикалық дағдылардың интенсивті тәжірибесі мен мамандар қажеттілігін ескере отырып ұйымдастырылған.
Дайындық бағыттары: Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие; Математика; Физика; Информатика; Химия; Биология; География; Қазақ тілі және әдебиеті; Орыс тілі және әдебиеті; Шетел тілі (екі шетел тілі); Арнайы педагогика; Тарих және қоғамтану; Педагогика және психология; Музыкалық білім.
Сертификат: Курс аяқталған соң Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұлттық үлгідегі сертификаты беріледі.
Курсқа түсушілер келесі құжаттарды тапсырады: Жоғарғы оқу орны басшысының атына өтініш; Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; Жоғары білімі туралы құжат көшірмесі (3 тілдегі қосымшасымен); 3x4 өлшеміндегі екі фотосурет; 075-У нысанындағы медициналық анықтама.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 5 қыркүйекке дейін
Мекенжайы: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142, № 501 ауд.
Байланыс телефондары: +7 701 338 46 56, +7 747 932 82 88Бөлісу: