QyzPU Комплаенс-маманы бос лауазымына конкурс жариялайды
-
19 тамыз, 2025
Қызметтің мақсаты – қоғамда, оның қызметкерлері мен білім алушылары арасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу.
Негізгі міндеттері – Қоғам мен оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту құралдарын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін тиімді іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету, осы саладағы сыртқы реттеушілік талаптардың және үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
бейінді салаларда жоғары білімнің болуы – экономика, қаржы, құқықтану немесе бизнес-функциямен байланысты басқа да сабақтас бағыт;
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының көптеген элементтерін жүзеге асыруды көздейтін немесе заңда көрсетілген комплаенс функциясын іске асыруда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласында сертификаттың болуы;
ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттері мен дағдыларының болуы;
Қоғам қызметінің ерекшелігін білу;
корпоративтік басқару, ішкі бақылау, алаяқтық және мүдделер қақтығысы тәуекелдерін басқару жүйелері саласындағы, сондай-ақ тексеру іс-шараларын (ішкі және сыртқы аудит, қызметтік тексерулер және т.б.) жүргізу саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды білу;
ҚР заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша, Қоғамға қойылатын реттеушілік талаптар саласында білу;
Тиімді коммуникациялар үшін жеткілікті деңгейде мемлекеттік тілді, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеруі;
Ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі тәжірибе мен дағдылар, норма шығарудағы тәжірибе;
Оқыту және тренингтер өткізу дағдылары;
Магистр немесе PhD дәрежесінің болғаны жөн;
Комплаенс саласында халықаралық үлгідегі сертификаттың («Ica International Diploma in Governance Risk and Compliance» немесе біліктілік емтиханын тапсыруды көздейтін комплаенс саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар беретін жоғары деңгейдегі ұқсас сертификаттардың) болғаны жөн.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды: 1) Бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған; 2) Белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 3) Медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар; 4)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде): 1-қосымшаға сәйкес кандидаттың Қоғамның Комплаенс-маманын қызметке тағайындау туралы жазбаша өтініші; 2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі; конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы және кәсіптік қайта даярлау туралы мәліметтер; сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша курстардан өткені туралы сертификат; ұқсас лауазымдағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде. Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Құжаттарды тапсыру орны:
QyzPU Корпоративтік хатшысына (Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 142/1, 306-кабинет).Байланыс:
Тел.: +7 (702) 266-17-46
E-mail: abikulova.a@qyzpu.edu.kzБөлісу: